Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
7 қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Шудың рұқсат етілген деңгейлері бойынша жылу электр станцияларының өндірістік үй-жайларының сыныптауышын айқындау жөніндегі
әдістемелік нұсқаулар
1. Осы Шудың рұқсат етілген деңгейлері бойынша жылу электр станцияларының өндірістік үй-жайларының сыныптауышын айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқаулар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Әдістемелік нұсқаулар қайта жобаланған, қолданыстағы, кеңейтіліп жатқан және қайта құрастырылатын жылу электр станцияларына қолданылады.
3. Осы Әдістемелік нұсқауларда келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) жұмыс орны - еңбек қызметі үдерісінде жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша келетін орны;
2) құбылмалы шулар - дыбыстың уақыт аралығында үздіксіз өзгеріп отыру деңгейі;
3) үзілмелі шулар - дыбыстың уақыт аралығында таза шу деңгейіне дейін күрт төмендейтін деңгейі, мұндай жағдайда деңгейі тұрақты болып қалатын уақыт 1 с және одан да көп уақытты құрайды;
4) импульстік шулар - әрқайсысының ұзақтығы 1 секунд (бұдан әрі - с) кем болатын бір немесе бірнеше дыбыстық дабылдардан тұратын шулар, мұндағы шу өлшейтін құралдың «баяу» және «импульс» сипаттамалары қосылған кезде өлшенген А типті өлшейтін фильтратымен децибелдарда (бұдан әрі - дБА) дыбыс деңгейі кезде 10 децибел (бұдан әрі - дБ) төмен емес шамада айқындалады.